«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру»
«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.05.2022, 09:00
- 12.05.2022, 18:00
Молбаева Шолпан 12.05.2022, 13:42, Сұрақ нөмірі: 11068
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке тұру үшін сертификатымды жоғалтып алдым. Қайтадан тестілеуден өтуім қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.May.2022, 13:53
Қайырлы күн құрметті Молбаева Шолпан! Егер де тестілеу сертификатын жоғалтқан болсаңыз оның қолданылу мерзімі ішінде телнұсқасын ала аласыз. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға немесе Мемлекеттік корпорацияға (халыққа қызмет көрсету орталықтары) баруыңыз қажет.