«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру»
«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.05.2022, 09:00
- 12.05.2022, 18:00
Бейсбекова Меруерт 12.05.2022, 13:48, Сұрақ нөмірі: 11069
Сәлеметсіздерме. Пожарный частьқа жұмысқа тұрайын деп едім. Тестті қандай программамен тапсыру керек, қандай заңдардан болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.May.2022, 13:55
Қайырлы күн құрметті Бейсбекова Меруерт! Бірінші кезекте орналасқыңыз келетін лауазымның әкімшілік пе әлде құқық қорғау қызметі ме, соны анықтау қажет. Себебі, екі қызмет түріне тестілеудің бағдарламалары да бөлек болып табылады. Осы ретте жұмысқа тұруға ниет білдіріп отырған мекеменің кадр қызметіне хабарласып лауазымның қай қызмет түріне жататынын анықтауыңызды ұсынамыз. Егер де лауазым құқық қорғау қызметіне жатса тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен бекітілген «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру» қағидасына сәйкес өтесіз. Лауазымыңыз әкімшілік қызметке жатса тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына» сәйкес тапсырасыз.