«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру»
«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.05.2022, 09:00
- 12.05.2022, 18:00
Буркитбаев Жигер 12.05.2022, 15:17, Сұрақ нөмірі: 11070
Сәлеметсізбе. Аудандық акиматтың мемлекеттік органдарының бас маманы болуы үшін қандай тест тапсырамын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.May.2022, 16:03
Қайырлы күн құрметті Буркитбаев Жигер! Сауалыңызға рахмет! Қала және аудандық әкімдіктердің дербес бөлімдерінің бас маманы болуы үшін үшінші бағдарламамен тестілеуден өтесіз. Үшінші бағдарламаC-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және ҚР 7 заңнамалық актілері бойынша жалпы 100 сұрақтан 50 балды жинауы қажет. Егерде тестілеуден төмен баға жинасаңыз 15 күн өткеннен кейін кері жазылуға құқығы бар. Ал, Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден оң нәтиже жинағаннан кейін, жеке қасиетін бағалау тестілеуінен өтеді. Жеке қасиеттерін бағалаудан шекті 50% ды жинау қажет