«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас»
«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Д.Наурызбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 13.05.2022, 11:00
- 13.05.2022, 15:00
Даурбаева Айдана 13.05.2022, 11:31, Сұрақ нөмірі: 11076
Әдеп кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтып бересіз бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.May.2022, 11:40
Қайырлы күн Даурбаева Айдана. Сұрағыңызға рахмет. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 22 ақпанындағы № 814 Жарлығымен жаңа редакцияда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған. Жаңа кодексте қызметтік әдеп стандарттары нақтыланып, адал ниеттілік, адалдық, әділеттілік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану секілді мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарының айқындалды. Бұл ретте, сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттары мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп, өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың сұранысына сай қызмет көрсетуді талап етеді. Сондай-ақ, жаңа редакцияда әкімшілік жазаға тартылған қызметшіні қайтадан тәртіптік жазаға тарту мүмкіндігін жою үшін мемлекеттік қызметшілерге жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу талабы алынып тасталды.