«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас»
«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Д.Наурызбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 13.05.2022, 11:00
- 13.05.2022, 15:00
Кушбаева Рысты 13.05.2022, Сұрақ нөмірі: 11079
Мемлекеттік қызметшілермен жұмыстан тыс уақыттарда дөрекіліктерге жол бермеу бойынша қандай да бір талап жаңа кодексте қарастырылған ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.05.2022
Қайырлы күн, Кушбаева Рысты.Сұрағыңызға рахмет. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстану және қоғамдық имандылыққа қолсұғушылықпен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеу міндеттері өзгеріссіз қалдырылды. Бұл орайда, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган, Әдеп жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ қоғам тарапынан да мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін бақылау әлі де жалғасуда. Дегенмен, әрбір мемлекеттік қызметші қоғамның мүшесі болғандықтан жұмыстан тыс уақытта басқа да қоғамның мүшелері сияқты құқықтар мен міндеттерге ие. Мысалы, мемлекеттік қызметшілерге көңіл көтеруге, демалыс орындарына баруға, белгілі бір хоббиімен айналысуға тиым салынбаған. Ең алдымен, мемлекеттік қызметші өзінің жауапкершілігін, өзінің мәртебесін сезіне отырып барлық іс-әрекеттерін әдеп нормаларының шеңберінде жүзеге асыруы тиіс. Егер қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшінің жасаған құқықбұзушылықтары әдептілік стандарттарын сақтамаумен үйлескен жағдайда ғана тәртіптік жазаға тарту мәселесі қаралуы мүмкін.