«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас»
«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Д.Наурызбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 13.05.2022, 11:00
- 13.05.2022, 15:00
Бақтыбай Гауһар 13.05.2022, 14:41, Сұрақ нөмірі: 11082
Мемлекеттік қызметшілердің киім киісі, қымбат көліктермен жүруі немесе шетелге шығуымен байланысты әрекеттеріне тексеру жүргізіледі ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.May.2022, 14:46
Қайырлы күн, Бақтыбай Гауһар. Сұрағыңызға рахмет. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуы керек, оның сырт келбеті ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс. Дегенмен, мемлекеттік қызметшіге басқа да азаматтарға секілді қандай бір заттарды алуға, киімдерді киюге немесе шетелге демалуға баруға нақты шектеулер жоқ. Алайда, мемлекеттік қызметшілер жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына өзінің кірістері, активтері мен мүліктері туралы декларация тапсырады. Егер ұсынылған ақпараттардың шындыққа сай емес екені анықталған жағдайда, тиісті жауапкершілік көзделген.