Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты сұрақтар бойынша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 13.05.2022, 10:30
- 13.05.2022, 17:30
Молдабекова Бибигайша 13.05.2022, 14:48, Сұрақ нөмірі: 11083
Менде сұрағым бар. Жүргізуші куәлігі осы жылдың қазанында аяқталады. Мен оны қайда және қалай ауыстыруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.May.2022, 15:01
Қайырлы күн. Жүргізуші куәлігін ауыстыру "жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылады. Стандартқа сәйкес қызмет көрсетушілер ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz Стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттар тізбесін жолдау қажет: 1.Жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк; 2.Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 3. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мерзімі – 2 сағат, ЭҮП арқылы – 1 сағат.