«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас»
«Жаңа Әдеп кодексі – жаңа көзқарас» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Д.Наурызбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 13.05.2022, 11:00
- 13.05.2022, 15:00
Қобыланды Әділжан 13.05.2022, 14:59, Сұрақ нөмірі: 11085
Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі мен біліктілігін арттыруға бағытталған қандай шаралар жүргізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.May.2022, 15:01
Қайырлы күн, Қобыланды Әділжан. Сұрағыңызға рахмет. Бүгінгі күні қоғам мемлекеттік қызметшілерден олардың біліктілігімен қатар әдептілі, ашық, адал және жоғары мәдениетті болуын күтеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұруы керек. Мемлекеттік қызметшілерді оқытуларға қатысты стратегиялық рөл Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына берілген.