«Халықты жұмыспен қамту туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.05.2022, 10:00
- 18.05.2022, 17:00
Тарманова Лейла 18.05.2022, 11:25, Сұрақ нөмірі: 11093
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, халықты жұмыспен қамту саласында ағымдағы жылға жоспарларыңыз қандай?
Қызылорда облысы 18.May.2022, 11:40
Жалпы кез-келген облыс әкімінің алдындағы басты міндеттердің бірі – халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сонымен қатар, қоғамда патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісті төмендету. Яғни, «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарастағы азаматтарымыздың «екі қолына күрек беріп» жұмыспен қамту. Негізінен биылғы жылы да жұмыссыздық деңгейін 4,9 деңгейінде ұстап тұруды алдымызға міндеттеп отырмыз. Жалпы жұмыссыздыққа жол бермеу үшін ағымдағы жылға барлық Ұлттық жобалар және кәсіпкерлердің жеке бастамалары есебінен 24 мыңға жуық жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланса, бүгінгі күнге оның 11 мыңға жуық облыс тұрғыны жұмыспен қамтылып, оның ішінде 4 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл жерде ашылатын жұмыс орындарының басым бөлігін тұрақты жұмыс орыны есебінен ашпақпыз. Бұған қоса, Мемлекет Басшысының әкімдерге әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орынын ашу тапсырмасына сәйкес 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орыны құрылмақ. Әрине, бұның барлығы алдыға қойған міндеттеріміздің бір бөлігі ғана.