«Халықты жұмыспен қамту туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.05.2022, 10:00
- 18.05.2022, 17:00
Мұнарбай Тамырлан 18.05.2022, Сұрақ нөмірі: 11094
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, бүгінгі интернет конференциясының басты тақырыбы жұмыспен қамту бағытында өрбігендіктен, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында қандай жобалар жүзеге асырылуда?
Қызылорда облысы 18.05.2022
Әрине, уақытында қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайыздан 4 пайызға дейін төмендеді. Көрсеткіштің төмендеуіне «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы айтарлықтай әсер етті. Жалпы бағдарлама шеңберінде жастарымыз үшін жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыс, алғашқы жұмыс орыны, ұрпақтар келісім шарты секілді мақсатты жобалары жүзеге асырылған болатын. Ағымдағы жылы да осы жобаларымыз «Кәсіпкерлік дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде жалғасын тауып отыр. Дегенмен, ағымдағы жылы да осы жобалар жүзеге асқанымен, мерзімдері ұзартылып, алатын жалақы көлемі ұзартылды. Мысалыға, жалақы көлемі әлеуметтік жұмыс орыны мен қоғамдық жұмыста 42500 теңгеден 61260 теңгеге, жастар тәжірибесінде 76575 теңгеден 91890 теңгеге (мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды), «Алғашқы жұмыс орыны» (мерзімі 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды)мен «Ұрпақтар келісім шартында» 61260 теңгеден 91890 теңгеге дейін көбейтілді. Жобаларға қатысуға ниет білдірген жастарымыз тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жолығып, жобалардың шараттары мен талаптары туралы ақпарат ала алады. Рахмет!