Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 18.05.2022, 07:00
- 18.05.2022, 21:00
Ерқанатқызы Гаухар 18.05.2022, Сұрақ нөмірі: 11095
Cәлеметсіз бе. Менің лауазымымды қысқартқан жағдайда егер мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім 5 жыл, ал лауазымдағы еңбек өтілім 1 жыл 7 айды құраса компенсация ала аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2022, 16:51
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңы 56-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет өтіліңіз 5 жылды құраса, Сіздің аталған жәрдемақыны алуға құқығыңыз бар.