«Халықты жұмыспен қамту туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.05.2022, 10:00
- 18.05.2022, 17:00
Ахмед Мағжан 18.05.2022, Сұрақ нөмірі: 11097
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, ағымдағы жылы «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алу шарттарына енгізілген өзгерістер туралы айтып берсеңіз
Қызылорда облысы 18.May.2022, 13:44
биылдан бастап мемлекеттік грант мөлшері 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 600 мыңнан 1 миллион 272 мыңға дейін артты (1 АЕК – 3180 тг.). Сонымен қатар, бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер болса, биылғы жылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар ғана грант ала алады. Әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек алушы отбасы мүшелері, көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және қандастар жатады. Грант беру процесі биыл электронды түрде өтеді, яғни адами фактор жойылып, грант алуға үміткердің талапқа сай келетіндігі (келмейтіндігі) ақпараттық жүйе арқылы анықталады. Бұл ретте үміткерлер өтінімдерін 1 сәуірден бастап іске қосылған «Бизнес-Енбек» порталына ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы тапсыратын болады. Ескерту: қазіргі таңда порталда грант алуға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтап тұр, себебі ағымдағы жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тоқтатылуына байланысты грант беру ережесіне Еңбек минситрлігімен өзгерістер енгізілуде (грант алу үміткерлерінің «Бастау Бизнес» сертификаты болуы туралы шартты алып тастау туралы). Өтінімдер маусым айында қабылдануы межеленуде. Айта кететін жайт, аталған санаттағы азаматтар жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған жұмыссыздар немесе мәртебесін ресімдеу мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер немесе жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін азаматтар қатарынан болуы тиіс. Сондай-ақ, грантқа үміткер кемінде 1 жыл тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу туралы мәліметтерді ұсынады. Мемлекеттік грант беру туралы шешімді грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия шығарады. Комиссия отырысында үміткер бастапқы бизнес жобасын таныстырады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын адамдар грант алуға үміткер бола алмайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Грант алушы грант алған күннен бастап 12 ай ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыспайды. Грант бір рет беріледі. Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен гранттардың мақсатты пайдаланылуына бір жыл бойы тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.