«Халықты жұмыспен қамту туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.05.2022, 10:00
- 18.05.2022, 17:00
Тулабай Данира 18.05.2022, 13:16, Сұрақ нөмірі: 11098
Менің осы ұлттық жоба шеңберінде оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірге қоныс аударғым келеді. Негізінен қандай облыстарға қоныс аудару көзделген және қаржылық қолдау шаралары көзделген, барған жерімде пәтермен қамтамасыз етілемін ба?
Қызылорда облысы 18.May.2022, 13:56
Бағдарлама шеңберінде биылғы жылы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстары қоныс аудару облыстарының қатарына енгізілді. Негізінен жаңа тұрғылықты жері бойынша қоныс аударушыларға материалдық көмек беру, бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем, сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу көзделген. Сонымен қатар, қоныс аударушыларға берілетін көмек көлемі ауылдық немесе қалалық жерге көшкеніне байланысты әр түрлі мөлшерде төленеді. Жыл сайын қабылдаушы облыстар тарапынан аймағымызда көшпелі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы да мамыр айының 23-27 аралығында Павлодар облысы өз жұмыс берушілерімен жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізбек. Қоныс аударуға немесе ақыл-кеңес алам деушілерді осы жәрмеңкеге қатысуға шақырамын.