Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 18.05.2022, 07:00
- 18.05.2022, 21:00
Искакова Зарина 18.05.2022, 14:52, Сұрақ нөмірі: 11099
Қайырлы күн! Қысқартуға келмейтін мемлекеттік қызметшілерге кімдер кіреді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2022, 16:36
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабы 2-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлерді жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімінсіз жұмыскерлер саны немесе штат саны қысқартылған негіздер бойынша жұмыстан босатуға жол берілмейді. Сонымен қатар, аталған кодекстің 54-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босатуға жол берілмейді.