ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Біржановтің «Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» тақырыбында интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» тақырыбында интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.05.2022, 10:00
  • 19.05.2022, 17:00

Абухан Абылайхан 19.05.2022, 13:00, Сұрақ нөмірі: 11102

  • 0

Өз кәсібін ашқысы келетін көптеген адамдардың бизнесті бастауға қаражаты бола бермейтіні анық. Банктерден несие алайын десе пайыздық үстемеақының мөлшері жоғары немесе кепіл мүлікі жоқ. Осы проблеманы шешу үшін мемлекет тарапынан азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар беріледі. Соңғы үш жылда 120 мыңнан астам азаматтар қайтарымсыз гранттарға ие болды. Яғни, бұл жыл сайын шамамен 40 мың адамның грант алған білдіреді. Азаматтар гранттарға өтінімдерді өздері тұратын халықты жұмыспен қамту орталықтарына апарып берді. Министрлік тарапынан гранттар беру процесін автоматтандыру бойынша болуын қандай шаралар қабылдады? Ағымдағы жылы мемлекеттік гранттармен қанша адамды қамтуды жоспарлап отырсыздар?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 19.May.2022, 16:19

Сауалыңызға рақмет. Біз осы жылы Электрондық еңбек биржасының базасында «Бизнес-еңбек» порталын іске қостық. Портал азаматтарға гранттар алуға өтінімдер беру процессін автоматтандыру мақсатында жасалды. Осы Порталдың көмегімен азамттар үйлерінде отырып алып ақ гранттар беруге өтінімдер бере алады. Сонымен қатар, 2022 жылы мемлекеттік гранттармен 20 мың адамды қамту жоспарлануда. Бұл гранттардың жартысы, яғни 10 мыңы жастарға арналып отыр. 2022 жылғы 1-тоқсанда 601 адамға мемемлекеттік гранттар берілді. Мемлекеттік гранттардың: - 54%-ы (327 грант) мал сатып алуға; - 42%-ы (252 грант) еңбек құралдарын сатып алуға; - 2%-ы (12 грант) құс сатып алуға; - 2%-ы (10 грант) көшеттер мен тұқымдар сатып алуға берілген.