ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Біржановтің «Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» тақырыбында интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» тақырыбында интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.05.2022, 10:00
  • 19.05.2022, 17:00

Рысқұлбек Жасұлан 19.05.2022, 13:27, Сұрақ нөмірі: 11103

  • 0

Жұмыссыздарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және оларды уақытша жұмыспен қамту мақсатында мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары ұйымдастырылады. Бұл жұмыс орындары жұмыссыздарды ғана жұмыспен қамтып қоймай, кәсіпкерлік субъектілерін, әсіресе дара кәсіпкерлерді жұмыс күшімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарын экономиканың жеке секторларында ұйымдастыруға басымдық беріліп отыр. Бұны қалай жүзеге асырысыздар. Қолдағы ақпараттарға сәйкес бұған дейін субсидияланатын жұмыс орындарының 60%-дан астамы мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 19.May.2022, 16:20

Қайырлы күн! Біз кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобада көзделген іс-шаралары іске асыру мақсатында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгіздік. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға барынша көп жұмыс берушілерді тарту мақсатында біз жұмыс берушілерде құрылатын субсидияланатын жұмыс орындарының санына шектеу қойдық. Енді осы жылдан бастап бір жұмыс берушіде құрылатын субсидияланатын жұмыс орындарының жалпы саны жұмыс берушідегі штат санының 80%-ынан аспауға тиіс, оның ішінде қоғамдық жұмыстар бойынша - 40%, әлеуметтік жұмыс орындары – 20%, жастар практикасы 20%. Бұл шектеу субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жаңа жұмыс берушілерді тартып қана қоймай, жұмыссыздардың кейіннен тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттырады. Соңғы 4 айда субсидияланатын жұмыс орындары 8,2 мың жеке меншік мекемелерде ұйымдастырылды, оларда бүгінгі күні 100 мыңға жуық жұмыссыз жұмыс істеуде.