Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы И.Б. Үйсімбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 25.05.2022, 09:00
- 25.05.2022, 13:00
Исмаилова Гульжайнаш 25.05.2022, 10:25, Сұрақ нөмірі: 11111
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бойынша Сіздің мемлекеттік органыңыздың рөлі қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.05.2022
Сіздің сауалыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. Жаңа Кодексте Агенттік пен оның аумақтық департаменттері, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалып отыр. Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, Комиссиялар мен кеңестердің әдеп бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша жұмыстары жандандырылуда. Әдеп жөніндегі Кеңестің отырыстарында бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге бағытталған мәселелер қарастырылады. Департамент Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірлесіп, бірінші кезекте бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылсаласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, іс-шаралар белсенді түрде өткізіледі. Сонымен қатар, бұзушылықтардын орын алу себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында талдау жүргізіледі және болашақта ұқсас бұзушылықтарды болдырмау үшін егжей-тегжейлі ұсыныстар әзірленеді.