«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.05.2022, 10:30
- 26.05.2022, 17:00
Бектілеу Рамазан 26.05.2022, 11:10, Сұрақ нөмірі: 11119
Сәлеметсіз бе? Аймақтың егіншілік саласын әртараптандыру мақсатында қандай шаралар қабылдануда?
Қызылорда облысы 26.May.2022, 11:12
Қайырлы күн! Жыл сайынғы вегетация кезінде орын алып отырған су тапшылығын азайту мақсатында алдағы жылдары егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстарына басымдық берілді. Сырдария өзені сулылығының биылғы жылы да вегетациялық кезеңде аз болатынына байланысты, облыс бойынша 2022 жылы орналасатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдері 185,6 мың гектарға болжанып отыр. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,3 мың гектар. Қысқартылған күріштің орнына суды аз қажет ететін мал азықтық дақылдар мен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері 4,7 мың гектарға ұлғайтылады (Атап айтқанда, мал азықтық дақылдар 3624 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1083 гектарға үлғайды). Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында қосымша биылғы жылы соя дақылын 200 гектарға, қант құмайын 312 гектарға егу межеленген. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы биылғы жылы барлығы 567 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі, оның ішінде 256 га көкөніс, 80 га бақша, 28 га картоп, 115 га жаңа жоңышқа, 87 га сүрлем жүгері, 1 га қант қызылшасы дақылдарын орналастыру жүргізілуде. Анықтама үшін: Тамшылатып суару әдісімен «Жан-Арай» ЖШС 50 га көкөніс, «Қызылорда Агро Плюс» ЖШС 10 га көкөніс, «Нұрқожаев» ШҚ - 6 га көкөніс, «Ер-Әлі» ШҚ 28 га картоп, 5 га көкөніс, 1 га қант қызылшасын,Шиелі ауданында 185 га көкөніс, 80 га бақша егуді және жаңбырлатып суару әдісімен «РЗА-Агро» ЖШС – 87 га сүрлем жүгері, «ISO-agro» ШҚ – 35 га, «CAMIL PRO» ШҚ – 80 га жоңышқа дақылы егіледі.