«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.05.2022, 10:30
- 26.05.2022, 17:00
Өмірзақов Асқар 26.05.2022, 11:45, Сұрақ нөмірі: 11121
Құрметті Нұрлыбек Мәшбекұлы! Облыста азық-түлік бағалары күнделікті өсуде. Осыған байланысты қандай шара қабылдап жатсыздар?
Қызылорда облысы 26.05.2022
Сұрағыңыз өте орынды. Өздеріңізге мәлім әлемде орын алып жатқан саяси тұрақсыздық және өткен жылғы пандемия салдары барлық экономикалық қарым қатынастарға кері әсерін тигізді. Өңірдің өз өндірісі есебінен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының ішіне тек күріш, тұз, нанмен толықтай қамтамасыз етілген. Қалған өнімдерге яғни, картоппен 70%-ға, сәбіз, басты пияз, қырыққабатпен 20%-ға дейін шамасында қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, сиыр етімен, сүтпен 60 пайыз болса, сүт өнімдері, құс еті, тауық жұмыртқасының өз өндірісіміз есебінен қамтамасыз етілуі 5%-ға жетпейді. Ал, 14 түрлі негізгі азық-түлік тауарлары түрі бойынша импортқа тәуелді. Осыған дейін Ресей арқылы қамтамасыз етіліп жатқан елімізде өндірілмейтін немесе жеткіліксіз өндірілетін азық-түлік таурлары, шикізат жеткізілімдері шетел Евроодақ санкцияларының және Ресейдің елден тыс әкетуге қойылған шектеулердің салдарынан (азықтық астық, қант шикізаты, күнбағыс майының шикізаты, американдық тауық сан еті (окорочка) белгісіз мерзімге тоқталылуына байланысты және басқа да инфляция үдерістеріне сәйкес айтарлықтай қымбаттап, өнім жеткізудің балама жолдары іздестірілуде. Импорттық өнімдердің қымбаттауы мен бірге отандық өнімнің өзіндік құнына өндіріс барысында қажет етілетін импорттық техниканың, тыңайтқыштардың, тұқымдардың қымбаттауы да үлес қосады. Осыған байланысты қазіргі таңда әлемде қалыптасқан саяси-экономикалық тұрақсыздық халық арасындағы әлеуметтік ахуалға әсерін тигізбеу үшін мемлекет тарапынан «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан 13 647,2 тонна азықтық астық бөлініп, облыстың наубайханалары арзандатылған ұнмен қамтамасыз етілуі арқасында сауда дүкендерінде әлеуметтік нанды 80-85 теңгеден сатылуда. Ресейлік қанттың женткізілуі тоқтатылуына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлілігімен тиісті шаралар қабылданып, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан облысқа жыл аяғына дейін 3314,8 тонна қантпен қамтамасыз ету жөнінде келісіліп, бүгінгі күнге осы көлемінің 272 тоннасы жеткізілді. Көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының шаруашылықтарымен қырыққабатқа форвардтық келісім шарт жасалып, қажеттілігіне қарай әлеуметтік дүкендер мен бұрыштар арқылы өндіруші бағасында сатылуда. «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» ЖШС -нен күзгі егіннен 50 тонна картоп, 50 тонна басты пияз, 50 тонна сәбіз, 50 тонна қырыққабатты сатып алуға меморандум жасалып, күзгі егін жиналғаннан кейін тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік дүкендерде сатылатын болады. Бүгінгі күні, тұрақтандыру қорында 576,9 млн. теңгені құрайтын 1 702,9 тонна өнім қоры сатып алынған. Бұдан бөлек сауда желілерінде баға тұрақтандыру мақсатында айналым схемасы бойынша заем беру Айналым схемасы аясында 21 келісім шарт негізінде 1143,0 млн.теңге қаржы кәсіпкерлерге заем ретінде берілді. Осы заем алған кәсіпкерлердің 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және тұрақтандыру қорындағы өнімдер «Байқоңыр» ӘКК қарасты Қызылорда қаласында орналасқан 36 әлеуметтік дүкенде және қосымша 14 ірі супермаркеттерінде келісім негізінде ашылған әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада жеткізіліп, сатылуда. Өңірдің негізгі өнімі - күріш бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатын облыстың күріш өндіруші және өндеуші кәсіпорындарымен меморандум әзірленуде. Бұдан бөлек, күріштің егістік көлемін қысқартып, оның орнына суды аз қажет ететін әртараптандыру дақылдары ұлғайтылып, құс еті және жұмыртқамен толық қамтамасыз ету мақсатында бірнеше ірі жобалар «Қармақшы құс» , «Абдулла» ЖШС іске қосылатын болады.