«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.05.2022, 10:30
- 26.05.2022, 17:00
Исабекова Нургуль 26.05.2022, 11:53, Сұрақ нөмірі: 11122
Қайырлы күн! Мал шаруашылығы бойынша күту парағына (резервке) түскен өтінімдерге субсидия қашан басталады?
Қызылорда облысы 26.05.2022
Сәлеметсізбе? Соңғы жылдарғы тұрақты мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығының оң даму тенденциясы қалыптасып, АӨК инвесторлар үшін тартымды салаға айналып келеді. Осыған сәйкес, 2021 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға барлығы 4,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Дегенмен, бөлінген қаржы шауашылық құрылымдарына жетпей қалып, күту парағына (резервке) түскен өтінімдер 941,5 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданып, нәтижесінде республикалық бюджеттен 744,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржы көлемін жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, яғни субсидиялау бағыттарынан алынатын болады. Бүгінгі күні облыс әкімінің қаулы жобасына өзгерістер енгізілуде. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қаулы жобасын шілде айының ішінде бекіту жоспарлануда. Қаулы жобасы бекітілгеннен кейін күту парағына түскен өтінімдерге кезектілікті сақтай отырып субсидия төленетін болады.