«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.05.2022, 10:30
- 26.05.2022, 17:00
Жарылқасын Нұрбейне 26.05.2022, Сұрақ нөмірі: 11123
Қайырлы күн! Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы бойынша соңғы жылдары қаржы жетіспеушілігі байқалуда. Осыған қатысты биылғы жылдың жағдайы қалай?
Қызылорда облысы 26.May.2022, 13:26
Дұрыс айтасыз, осы екі жыл көлемінде аталған субсидия бойынша қаржы жетіспеушілігі жағдайы болды. Жалпы несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемені арзандату механизмі АӨК субъектілеріне қаржылық жүктемені төмендету мақсатында 2014 жылдан бастап қарастырылып, жүзеге асырылуда және республикалық бюджеттен қамтамасыз етіледі. Жылма жыл республикалық бюджеттен бөлінген қаржы алдыңғы жылдардың міндеттемелерін және жаңадан түскен ұсыныстарға толық жетіп, артылатын. Алайда, 2021 жылы қажеттілік 2,2 млрд. теңгені құрауына қарамастан, республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге ғана бөлінді. Осыған орай, 2021 жылдың қазан айында қосымша қаржы сұратылып, 2020-2021 жылғы алынған несиелер бойынша ұсыныстар толық қабылданды. Айта кету қажет, субсидиялауға қатысушылар саны күрт өсуде. Анықтамалық: 2019 жылы бюджеттік бағдарлама шеңберінде субсидиялауға 164 АӨК субъектілері қатысқан болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1289 АӨК субъектілері саның құрап отыр. Сәйкесінше 2019 жылы – 1,4 млрд. теңге қаржы игерілсе, 2021 жылы – 2,3 млрд. теңге қаржы игерілді. Дәл осындай жағдай биылғы жылы да қалыптасып отыр. Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытқа қосымша 1 млрд. теңге қаржы бөлу мәселесі оң шешімін тауып, қаржы бөлінуде. Сонымен қатар, жаңа ұсыныстар қаржы жетіспеушілігіне қарамастан қабылданып, қүту парағына жүктелуде. Субсидиялау бағдарламасы «Qoldau.kz» сайты арқылы электрондық түрде көрсетіледі, субсидиялау процесі АӨК субъектілері үшін ашық және қолжетімді.