ҚРЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Д.Нәбиевтің «Еңбек саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі» тақырыбындағы интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі» тақырыбындағы интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 27.05.2022, 10:00
- 27.05.2022, 17:00
Аманбаева Айнур 27.05.2022, 15:49, Сұрақ нөмірі: 11126
Қайырлы күн! Менің Сізге қояйын деген сұрағым келесідей. Мен ағымдағы жылы мамандығым (бухгалтер) бойынша жұмысқа орналасу үшін бір кәсіпорынға құжаттар тапсырдым.
Алайда, кәсіпорын менің жақында отбасын құрғандығымды және жүкті екендігімді біліп, жұмысқа алудан бас тарттып отыр.
Бұл қаншалықты заңды?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.May.2022, 16:32
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігі бар. Осылайша, жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы шешімді өзі қабылдайды. Сонымен бірге, Еңбек кодексінің 6 және 25-бабына сәйкес еңбек саласындағы кемсітушілікке, еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Еңбек кодексінің 26-бабында «Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер» көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді. Осыған байланысты, Сіздің жағдайыңызда бұл еңбек саласындағы және еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзу болып табылады. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Сәйкесінше, Сізге аталған мәселе бойынша жергілікті еңбек инспекциясына жазбаша арыз хатпен жүгіну қажет.