ҚРЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Д.Нәбиевтің «Еңбек саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі» тақырыбындағы интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі» тақырыбындағы интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 27.05.2022, 10:00
- 27.05.2022, 17:00
Абдрахманова Назгуль 27.05.2022, 15:49, Сұрақ нөмірі: 11127
Сәлеметсіз бе! Менің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысым жүктілік демалысымен қатар келіп тұр, мен екеуіне бірдей уақытта кете аламын ба?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.May.2022, 16:30
Сәлеметсіз бе! Жұмыскер, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы. Бұл ретте еңбек демалысын күндері жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге берілетінін демалыстан шегерілетінін ескертеміз. Еңбек кодексінің 94-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек демалысы жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады. Осыған орай, егер жүктіліке және босануға байланысты демалыс еңбек демалысымен сәйкес келген жағдайда, еңбек демалысы жүктілікке және босануға байланысты демалыс біткен соң алуды ұсынамыз.