Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

ТОО "ВОСТОК-К" Сергей Р. 15.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

В текущем году железная дорога повысила тарифы на грузовые перевозки. Какой эффект от этого получим? Кто выигрывает от этого? Или опять железнодорожная отрасль? Мы считаем, что в первую очередь, пострадают грузоотправители, малый и средний бизнес. Во-вторых, все отразится на стоимости товара. И пострадает, естественно, потребитель. Что скажете по этому поводу? Ждем конкретного ответа.

Администратор 27.07.2008

1 сәуірден бастап тарифтер көтерілді. Оның себебі – бүгінгі тарифтер инвестициялық құрамды есепке алмайды. Мысалы, көмір, темір рудасы, ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты жүктер өз құнынан әлдеқайда төмен тарифпен тасымалданады. Темір жолмен тасымалдайтын жүктердің ішінде ондай жүктер 50 пайыздан асады. Сондықтан, негізгі құрал-жабдықтардың азып-тозуы 70 пайызға жетті. Осы проблеманы шешу үшін биыл Үкімет бесжылдық темір жолдың Инвестициялық бағдарламасын қабылдады. Мұның ішінде тарифтерді орташа алғанда 15 пайызға біртіндеп өсіру туралы шешім қабылданды. Бірақ, көмір мен астықты облысаралық қатынаста тасымалдағанда тарифтер көтерілмейді. Осы бағдарлама бойынша, 3000 км темір жолды қалпына келтіреміз. 500 дана локомтивтер және 23 000 дана жүк вагондарын сатып аламыз. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында негізгі құрал-жабдықтардың азып-тозуы 10-15 пайызға төмендетеміз. Және де, жыл сайынғы жүк айналымының көлемі 5-7 пайызға өседі.