Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Абельдинов Сапар ТОО "ЖАЗ" 14.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Меня интересует вопрос: когда, на каких участках будет вводиться платность дорог? И вообще, чем вызвана такая необходимость? Какая предполагается система оплаты?

Администратор 27.07.2008

Жол ақысы автожолдардың көлік ең көп жүретін учаскелерінде енгізіледі. Дәлірек айтсақ, келесі жолдарда: - Астана-Қарағанды; - Алматы-Қапшағай; - Алматы-Қорғас; - Үлкен Алматы айналма жолы. Бұл ретте ерекше атап өтетіні – аталған учаскелер кем дегенде 4 жолақты болады, жол барлық қажетті құрылғылармен жабдықталады, жекеменшік капиталды тарту арқылы концессиялық негізде жүзеге асырылады. Мемлекет, бұл жағдайда жолды концессионерге 25 жылға береді. Ал, концессионер алғашқы 3 жыл ішінде жолды салып, қалған 22 жыл бойы оны пайдалануға беріп, жол ақысын жинау арқылы түсетін табыстан өзінің құрылысқа салған қаржысын қайтарып алады. Концессия мерзімі шыққан соң, барлық талаптарға сай жол мемлекетке қайтарылады. Ел экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жыл сайын жол саласына 240 млрд. теңге қаржы бөлі қажет. Қаржыландырудың мұндай көлемі бюджетке айтарлықтай ауыртпалық түсіреді. Ал, автомобиль тұтынушыларынан жиналатын салық (көліктік салық, тіркеу, акциз және басқа да алымдар) шамамен 30 млрд. қеңгені құрайды. Бұл қаржы жолдарды күтіп-ұстауға әрең дегенде жетеді. Бұл проблеманы шешу үшін «жолдарды тұтынушылардың есебінен күтіп-ұстау» қағидасына ауысу мақсатында автокөлік құралдары ең көп шоғырланған учаскелерде жүріп өту үшін ақы алу мәселесін қарастыру қажеттілігі туындады. Жеңіл көлік жүргізушісі жолды жүріп өту үшін километріне 2-3 теңге, ал жүк көлігі жүгінің көлеміне қарай километріне 4 теңге төлейді.