«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және өткеру мәселелері туралы сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 16.06.2022, 10:00
  • 17.06.2022, 17:00

Сауранбай Ақмарал 16.06.2022, 23:53, Сұрақ нөмірі: 11164

  • 0

Салеметсіздерме?! Менің есімім Сауранбай Ақмарал Мұхитқызы! Менің қояр сұрағым: 2022 жылғы 13 сәуірдегі Шу ауданы, Далақайнар ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты E-G-4, №24-1-4, 1 бірлік) бос лауазымына өткізілген жалпы конкурс бойынша. Бұл конкурстты өткізу барысында бірнеше заң бұзылушылық талаптары анықталды. Соған сәйкес, бұл конкурс бүгінде тоқтатылғандығы хабарланды. Бірақ бүгінгі күнге дейін бұл орын қайта конкурсқа шығарылмай отыр. Бүгінгі күнде мен жұмыссыз жас маманмын. Осы конкурстың мәселелерімен екі айдан аса уақыт жоғалтып отырмын. Шу ауданының аппарат басшысынан "Бұл конкурс қайта қашан шығады" -деп сұрасам . "Белгісіз" - деп жауап қайтарды.Бір мемлекеттік жұмысқа тұру барысында осыншама уақытты және әуре сарсанға салып жатыр. Біз сияқты жастарды кім қолдайды. Ал бұл конкурс қайта қашан ұйымдастырылады, Қанша уақыт күту қажетпін. Осы мәселені заңға сәйкес, анықтап берулеріңізді сұраймын.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.June.2022, 17:21

Құрметті Ақмарал Мұхитқызы! Департаменттің 24.05.2022 жылғы №03-8/ЖТ-С-105 хатымен Сізге, Шу ауданы Далақайнар ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына қатысты жарияланған конкурсқа 2022 жылдың 17 мамырында бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, сондай-ақ, заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жаза қолданылғаны хабарланған. Бұл ретте, аталған лауазымға қайта конкурс жариялау мерзімі заңмен айқындалмағандықтан мемлекеттік мекеме басшысының құзырында екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Сіздің бос мемлекеттік лауазымдарға жарияланған басқа да конкурстарға қатысуға құқылы екеніңізді назарыңызға саламыз.