Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Сарбасовтың «Елдегі көші-қон саясатын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбындағы интернет-конференциясы.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Елдегі көші-қон саясатын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбындағы интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 22.06.2022, 10:00
  • 22.06.2022, 17:00

Енсебаева Анель 22.06.2022, 14:54, Сұрақ нөмірі: 11173

  • 0

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар әлеуметтік келісімшарт бойынша қоныс аударушылар шығу өңірлерінде өтініш беру кезінде қанша уақыт тұрған болуы тиіс?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 22.June.2022, 16:01

Қайырлы күн! Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына сәйкес қоныс аударушылар өңірлік квотаға енгізу кезінде шығу өңірінде тұрақты тіркеуден өткен және кемінде бір жыл тұрған болуы тиіс.