«Аймақтағы медицина саласының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы»
«Аймақтағы медицина саласының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2022, 10:00
- 24.06.2022, 17:00
Аубакиров Канат 24.06.2022, 13:21, Сұрақ нөмірі: 11180
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы 2022 жылы денсаулық сақтау саласындағы атқарылған ауқымды жобаларға қысқаша тоқталсаңыз..
Қызылорда облысы 24.June.2022, 13:29
Медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында «2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысандарының өңірлік перспективалық даму жоспары» бекітіліп, облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің желісі мемлекеттік нормативке сәйкестендірілді. Амбулаториялық қызметтер мен емханалардың жұмысы жаңғыртылды. Астана мөлтек ауданында №3 қалалық емхананың филиалы ашылды. Жаңақорған ауданы, Жаңаарық елді-мекенінде дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында 6 медициналық бекет пайдалануға берілді. Ал, бас шаһарамызда орталық қалалық емхана ашылып, ел игілігі үшін жұмысын бастады. Бұл шаралар емхана-ауруханалардағы жүктемені азайтуға айтарлықтай көмектесті.