«Аймақтағы медицина саласының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы»
«Аймақтағы медицина саласының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2022, 10:00
- 24.06.2022, 17:00
Айтимова Асель 24.06.2022, 13:30, Сұрақ нөмірі: 11182
Медицина саласындағы мамандар тапшылығы мәселесі қалай шешілуде?
Қызылорда облысы 24.June.2022, 13:32
2021 жылы 84 дәрігер жұмысқа қабылданды. Олардың 24-і елді-мекендерге жолданды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 20 жасқа 100 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы берілді. Ал, 18 жас маманға 1500 АЕК көлемінде тұрғын үйге бюджеттік несие тағайындалды. 2017-2021 жылдар аралығында медицина саласында сұранысқа ие «жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандар даярлауға облыс әкімінің 127 гранты бөлінді.