Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау
Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді: базалық деңгей – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджеттен төленетін төлемдер арқылы қамтамасыз етіледі. Олар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады және адамның бұрынғы жалақысының деңгейіне байланысты болмайды; міндетті (қосымша) деңгейде – жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бөлінеді. Мәселен, 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді; ерікті деңгей – азаматтардың өмірді сақтандыру компанияларындағы ерікті сақтандыру жарналары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мынадай әлеуметтік төлемдерді төлей отырып, міндеттемелердің екінші деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді: - еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, - асыраушысынан айырылуы, - жұмысынан айырылуы, - жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылу; -- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу; - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы. Еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылудың барлық белгіленген кезеңіне тағайындалады және төлем ұзақтығы адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенше 45 жасқа дейін жетуі мүмкін. Асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем асырауындағыларға 18 жасқа толғанға дейін, ал ЖОО-ның күндізгі оқу бөлімінде оқыған жағдайда-оқуын бітіретін уақытқа дейін, бірақ 23 жастан аспайтын уақытқа тағайындалады. Әлеуметтік төлемдердің осы түрлері бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады. Әлеуметтік төлемдердің бұл түрлері бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері азаматтың жүйеге қатысу өтіліне және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңында белгіленген табысты алмастыру коэффициентіне байланысты болады. 2021 жылы 95 мыңға жуық адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша жалпы сомасы 26,9 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды. Жалпы сомасы 17,7 млрд.теңгеге 57 мыңнан аса отбасына асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер төленді.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 14.07.2022, 10:00
- 14.07.2022, 17:00
Асылбекова Алия 14.07.2022, 15:36, Сұрақ нөмірі: 11187
Здравствуйте! Получаю выплату по утрате трудоспособности с Фонда, могу ли я продолжить работу?
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 14.July.2022, 15:41
Согласно пункту 7 статьи 19 Закона РК «Об обязательном социальном страховании» (далее – Закон), право на выплату по утрате трудоспособности возникает со дня установления подразделением медико-социальной экспертизы степени утраты общей трудоспособности. Согласно пункту 1 статьи 20 Закона, данная выплата назначается независимо от того, прекращена работа ко времени обращения за назначением социальной выплаты или продолжается. Выплата назначается со дня возникновения права на весь установленный период утраты трудоспособности. Исходя из изложенного сообщаем, что Вы можете осуществлять трудовую и (или) предпринимательскую деятельность во время получения выплаты на случай утраты трудоспособности из Фонда.