Мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу
Интернет - конференцияда мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу мәселелері бойынша азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А. Наурызбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.07.2022, 10:00
- 20.07.2022, 17:00
Кулимгариева Жазира 20.07.2022, 10:18, Сұрақ нөмірі: 11198
Мемлекеттік органдарда мансаптық өсу үшін қандай жағдайлар жасалған?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.July.2022, 10:35
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің мансаптық көтерілуіне, сонымен бірге объективті және ашық іріктеу жүргізудің институционалдық тұрғыда барлық жағдайы жасалған. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына орналасу тек төменгі лауа-зымдағы мемлекеттік қызметшілер қатарынан конкурстық негізде жүзеге асырылуда. Ман¬сап¬тық модель бойынша жалпы кон¬курс – төменгі лауазымдар, ал ішкі конкурс жоғары лауазым¬дар арқылы жүргізіледі. Сондықтан жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін міндетті түрде төменгі лауазымдарда тәжірибенің болуы талап етіледі. Сонымен қатар, мансаптық өсу Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27 бабы 10-тармағына сәйкес, "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен беітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.