Мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу
Интернет - конференцияда мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу мәселелері бойынша азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А. Наурызбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.07.2022, 10:00
- 20.07.2022, 17:00
Акперлина Шынар 20.07.2022, Сұрақ нөмірі: 11200
Сәлеметсізбе! Жоғары тұрған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның жарияланған конкурс шешімін келіспейтін жағдайда шағым білдіруге болама?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.07.2022
Сәлеметсіз бе. Сіздің біздің тақырыпқа қызығушылық туғызғаныңызға ризашылығымызды білдіреміз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік органмен өткізілген конкурс қорытындысының ашық түрде жүргізілгендігіне күмәніңіз болған жағдайда Сіз бұзушылықтарды болдырмау мақсатында уәкілетті органға немесе сотқа шағым бере аласыз. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуы тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мекенжайы:Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419, сенім телефоны 8 7756697633