Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 28.07.2022, 10:00
- 28.07.2022, 17:00
Ажмуратов Гали 28.07.2022, 11:44, Сұрақ нөмірі: 11211
Мемлекеттік қызмет атқаруды тоқтатқан соң артынша 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос орындарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.July.2022, 16:06
Құрметті Ажмуратов Гали! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағына сәйкес адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде, егер ол мемлекеттік органдар болып табылмайтын тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құқылы. Осыған орай, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде конкурстарға тестілеуден өтпестен қатысуға (егер Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған және еңбек қатынастарында тұрмаған болса) болады.