Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 28.07.2022, 10:00
  • 28.07.2022, 17:00

Ержанова Жанар 28.07.2022, 11:55, Сұрақ нөмірі: 11214

  • 0

Бір бөлімдегі мемлекеттік қызметшіні бос тұрған вакансиядағы орынға конкурс өткізбей ауыстыруға болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.July.2022, 16:11

Құрметті Ержанова Жанар, Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасу мемлекеттік органдардың ішінде бір санаттағы лауазымға, сондай-ақ мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай, сауалда көрсетілген қызметкер біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жоғарыда айтылған ереже негізінде басқа лауазымға (оның ішінде уақытша бос лауазымға) ауысу тәртібімен орналаса алады.