2008 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің нысандарды 2008-2009 оқу жылына әзірлеу және жылыту маусымына байланысты жүргізілетін дайындық жұмыстары туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2008 жылғы қазанның 10-ы мен желтоқсанның 1-і аралығында «Электрондық үкімет» Порталында 2008 жылғы жылыту маусымы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 80
- Жауаптар: 23
- 10.10.2008
- 01.12.2008
- Министерство энергетики и минеральных ресурсов
Болсанбек Болат Тазабекович Проф.к.э.н., Технико-экономической академии кино и телевидения. 21.10.2008, Сұрақ нөмірі:
2009 жылғы халық санағының анкетасына “Жеті атаңды білесің бе?»-, деген сұрақ қосуға бола ма. Қосуға болса менің ол туралы ұсынысым қосымша бірде берілген.
Қосымша бір Болсанбек Б.
(Алматы қ.)
ЖЕТІ АТА ЖҮЙЕСІ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
СТАТИСТИКАСЫ
Демографиялық статистиканың халықтың елдегі немесе жеке топтардағы санын, құрамын, орналасуын және ұдайы өндірілуін туралы деректерді жинап, дайындап және талдаумен айналысатыны мамандарға белгілі. Осымен қатар бұл саладағы мамандар ағымдағы халықтың саны мен құрамын бағалау үшін және демографиялық болжам жасап дайындау үшін он жылда бір халыққа есеп жүргізіп, демографиялық процесстер мен халықтың көші-қонысын зерттеп, зерделеудің әдістемесін дайындайды, Қазақ халқында көне дәуірден қалыптасқан осы талаптарға жауап бере алатын жеті ата жүйесі болған. Әрбір қазақ (еркек адам да әйел адам да ) өзінен бастап жетінші Тек Атасына дейін (оның бірге туылғандарының туажат туыстары екенін) оған дейінгі туысқандарымен қыз алысып қыз беріспейтінін және өзінен бастап жетінші буындағы туажатқа дейінгі туыстарымен қыз алысып қыз беріспейтінін білген. Ол үшін туысқандық қатынасты суытпаған. Соңғысы трайбализм негізі деген желеумен бұл үрдістің демографиялық статистика мән, маңызы елеусіз қалған. Шын мәнінде әрбір жеті ата жүйесінің ішінде ол жүйедегі әр буындағы туылған, өлгендерге (оның қаншасы ер адам немесе әйел адам екеніне) есеп жүргізуші-шежіреші (ол не шаңырақ иесі-кенже немесе айрықша дарынды адамдар) болған. Осы шежірешілер ел басыларын, бүгінгі тілмен айтсақ, толық демографиялық ақпаратпен ақысыз, арнайы зерттеусіз, шығынсыз аса жоғары сапамен қамтамасыз етіп отырған.
Бүгінгі күні объективті, субъективті себептермен өкінішке орай, халқымыздың арасында оны білетіндерден, білгісі келетіндерден білмейтіндер, білгісі келмейтіндер саны, тіпті қазақ тілін білмейтіндерден де, әлдеқайда (арнайы зертеусіз бағаласақ) көп сияқты. Осының салдарынан жүректі ауыртып, қапаландыратын өрескел қылықтар түрлері көбеюде. Оның ішіндегі ең қорқыныштысы, қауіптісі – Жеті Ата ұстанымындағы қыз алысып қыз беріспеу салт-дәстүрінің бұзыла бастауы. Ел арасында «өз қызына өзі үйленіпті», «өз қарындасына өзі үйленіпті», -дейтін алып қашпа өзекті өртеп, зығырданды қайнататын лақапты естуден жиіркеніп тезірек ұмытуға тырысушы едік. Енді шөберелес бауырлардың үйленгенін, оны имамның куәландырғанын білгеннен кейін бұл құбылыстың ауруға айнала бастағанына күмән жоқ. Оның алдын алу Жеті Ата үрдісін қалпына келтіріп, тірілтіп күнделікті қолданыстағы өмір салт-дәстүрімізге, «қатал қажеттілігімізге» [1] айналдыруымыз кезек күттірмес өзекті мәселе. Жеті Ата үрдісін оның қалпына келтірілуінің халқымыздың тағдырына әкелер мүмкіндіктері мен қатерлерінің тізімі Кесте 1- де келтірілген.
Кесте 1
Жеті Ата ұстанымының әкелер мүмкіндіктері Жеті Ата ұстанымының әкелер қатерлері
– жеті ата шеңберіндегі туысқандық салт–дәстүрдің шынайы мәнін түсінуге, «өзін–өзі тұсіну мәселесіне» [1] тіліне, дініне июге, оның «теңізшінің қолындағы компас сияқты», «қазақтың біртектілігін әрі сақтай білуге, әрі дамытып отыруға қол жеткізетініне» [1] нанып оны ұстануға әкеледі -жеті ата шеңберіндегі туысқандық салт–дәстүрмен бірге оның жағымсыз жақтарын да өмірге әкеледі. Бұлай болуы мүмкін емес, себебі оған Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормалары, халықаралық конвенциялардың, құжаттардың бекітілуі, Президенттің кепілдігі негіз.
– «қазақтың өз ішіндегі бірігулердің тетіктерін, институттарын, қүндылықтарын жетілдіруге», «тектілігін дәріптеуге», «бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятуға» [1] әкеледі
–
–жеті атасын білген «әркім көрші рулармен байланысын тарата отырып одан әрі исі қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жетіп ұлт тұтастығының қамқоры болып отырады» [1], одан әрі өз еліміздегі әр ұлттың баласының, тіптен адам баласының біртектілігін түсініп, өзін «алып жанұяның бір мүшесіндей сезініп» [1], олармен ымыраласуға, ғаламдасуға оң көзқараста болады –
–«туыстық араға жеті ата толғанша жастарға бір-бірімен некелесуге болмайды» [4;1;2;3;5;6;7;8;9;10] «бұл дәстүрді бұзған адам ұлттық қорғаныс тетігіне нұқсан келтіруші» [9], - деген қағида сақталып, «жеті атадан әріге ұзатылған қыз өзінен-өзі ру аралық қатынастыққа жол ашып, өзінен-өзі жалпақ қазақтың этникалық тұтастығына ұласатыны» [9], «қазақ арасында әрбір адамның өзін жалғыз сезінбеуі – иісі қазақ арасынан туыс табатынына сенімді болуын» [9], - тіріліп, «аралары жеті атаға толып, өсіп-өнген аталар рулы елге ұласу рәсімін атап өтетін дәстүр» қалпына келіп, «генетика, «ұрпақты жақсарту», евгеник ғылымына, қанды бұзбауға, ұрпақты аздырмауға, белгілі бір үрім-бұтақты қуалап, ауысып отыратын 1000-нан асатын аурулардан» [3] сақтану мүмкіндігі туады. Басқа рудан, ұлттан қыз алу тектілік екенін түсінеді. –
– жеті ата өзінен бастап есептелетінін. жеті туысқандықтың да өзінен басталатынын біледі –
– «аталарымыздың ру сұрасқанда, шетке тебу үшін емес, керісінше, жаңа танысының қандай да болсын өз ұрпағына бір жақындық табу үшін сұрайтынын» [6] біледі. –ру сұрасу коррупцияға әкелуі мүмкін
– «Рухын тән тоятынан жоғары қойғызатын төрт қасиет дарытады:
Сана;
Сезім;
Ар-ұят;
Махаббат». [1] –
– «Мұсылмандыққа дейінгі және мұсылмандықтан кейінгі (қазіргі заманғы - Б.Б.) сенім-нанымдар табиғи бірігіп-кірігіп кетуіне» [1], қазақстандық сыртқы ортаның оңтайлылығына байланысты болады –
– «тарих толқынында өзінің (қазақтың – Б.Б.)» ұлттық «мен» дегізетін қасиетін түсінуге ... мүмкіндігі, тек мүмкіндік емес, ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналады» [1]. –
– жеті атамызды білсек «біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымысымыздың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1]. –
– жеті атамызды білсек «біртектілікті орнықтыра түсетін іргелі істерге ден қойып бүгінгі күннің мазмұнын» [1] дамытуға болады. –
Жеті Ата дәстүрін қалпына келтіру мұсылман ұстанымымызға да қарсы емес, себебі «Арабтың араб емеске үстемдігі жоқ. Адамдар бір-бірінен тақуа (жеті атаға дейін қыз беріп қыз алыспау - нәпсі ұстамдығындағы тақуалық - Б.Б.) дәрежесіне қарай үстем бола алады» [11]. Жеті Ата ұстанымымыз. Оны қалпына келтіруді 2009 жылы болатын халық санағының сұрақтарына – Сен Жеті Атаңды, жеті туысыңды білесің бе?, - деген сұрақты қосудан бастасақ нәтижеден үміт бар. Ол сұрақтың мәтіні Кесте ұсынылған.
Кесте 2
Жеті ата таратылуын, жеті үрім-бұтағыңды білесің бе?
Жеті Ата таратылуы
1 Ата өзің
атың 2 Ата әкең
Аты 3 Ата әкеңнің әкесі
аты 4 Арғы Ата
Аты 5 Баба Ата
Аты 6 Түп Ата
Аты 7Тек Ата
аты
Жеті үрім-бұтағың
Әке
өзің
атың Бала
Аты Немере
аты Шөбере
Аты Шөпшек
Аты Немене
Аты Туажат
аты
Ескерту:
Біріншіден, жеті ата рәсімінен таралатын туысқандық – 1 Ата - өзің; 2 Атаңның бауыр-қарындастары, олардың балалары, шөберелері, шөпшектері, неменелері, туажаттары өзіңнің емшектес туыстарың, өз бауыр қарындастарың; 3 Атаңның туған бауыр-қарындастары, олардың балалары, шөберелері, шөпшектері, неменелері, туажаттары, өзіңе немере туыстар; 4 Арғы Атаңның туған бауыр-қарындастары өзіңе шөбере туыстар; 5 Баба Атаңның туған бауыр-қарындастары, олардың балалары, шөберелері, шөпшектері, неменелері, туажаттары өзіңе шөпшек туыстар; 6 Түп Атаңның туған бауыр-қарындастары, олардың балалары, шөберелері, шөпшектері, неменелері, туажаттары өзіңе немене туыстар; 7 Тек Атаңның туған бауыр- қарындастары, олардың балалары, шөберелері, шөпшектері, неменелері, туажаттары өзіңе туажат туыстар.
Екіншіден, сұраққа жауапты өзін «қазақпын» деген адам (еркек, әйел) беруге міндетті. Еркімен жауап берем деуші азаматтарға шектеу жоқ.
Үшіншіден, барлық аталардың атын білу міндет емес. Өз әкеңіздің не өз әкеңіздің әкесін білсеңіз де жеткілікті. Себебі, егер өз әкеңізді білсеңіз сіздің туажатыңыз 270 жылдан кейін (орта есеппен ұрпақтар алмасуы 45 жыл десек 45 көбейтілген 6 ұрпақ – бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат) өзінің Тек Атасының нақты атын көмескі емес нақты біледі, ал әкеңнің әкесін білсеңіз 225 жылдан (270-45) кейін туажатыңыз өзінің Тек Атасының атын нақты білетін болады.
Төртіншіден, ер адамның сұрақтарға жауап беруі өз жұрты-немере жұртының өзі үшін де, балалары үшін де жеті буындық туысқандықта екендігін білуге, үйленгеннен кейін жұбайына қайын жұртының жеті буындық туысқандығын таныстыруға қажет. Қыз баланың жеті атасын білуі өз жұртындағы туысқандықты білуге, күйеуге шыққаннан кейін жұбайына қайын жұртының жеті буындық туысқандығын таныстыруға, өз балаларына өз жұртының нағашы жұрт болатынын түсіндіру үшін қажет. Жеті Ата жүйесін білу адамның үш жұртын – немере, нағашы, қайын жұртын білудің кілті.
Жалпы Жеті Ата жүйесі туралы бұл мақалада көтеріліп отырған мәселе мен жасалған ұсыныс көкейкесті мәселенің шешілуінің бірінші қадамы болса. Келесі қадамдар мәдени мұра шеңберінде терең, байыпты, асықпай зерттеумен жалғастырылып қомақты мемлекеттік бағдарлама қабылдануымен тамамдалса деген де үміт бар. Жеті Ата үрдісінің берері көп, зияны жоқ. Тіпті жеті атасын, жеті туыстығын, үш жұртын жариялы түрде білген текті қазақтарды, қазақстандықтарды адамдық туысқандықты еңбектегі біліктілікпен шатастырмауға үйрету жеңіл. Себебі шығыстың данасы Ә, Науаи (13): «Ауруын жасырған – өледі» - демей ме.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: «Атамұра», 1999. – б. 6, 21, 35, 36, 42, 44, 52, 280
2. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрі. - Алматы: ТОО «Алматыкітап», 2006. – б. 76
3. Ысқақов Ә. «Қазақтың «жеті атасының» сыры неде?». - // Зерде, № 10, 1992. – б. 24-25
4. Қазақтар. Казахи. V том. – Алматы, 1998, - б. 66
5. Қозыбай тегі М. Қ. Біз қазақ қайдан шықтық. - //Зерде, № 12, - Алматы, 1992. – б. 6-8
6. Тоқтамыс С. Н. Жеті Ата. - //Жұлдыз, № 8, - Алматы, 1996. – б. 31-47
7. Ахмет қызы Л. Жеті Ата және некелесу. - //Мәдениет, № 3, - Алматы, 1994, 12-18 наурыз
8. Шәлекенов У.Х. Қазақ жанұясы... - //Зерде, № 8, - Алматы, 1993. – б. 23-26
9. Тарақты А. Ауызша тарихнама. «Қазақ», кітап. - Алматы: «Білім», 1974
10. Тәтімов М. Халықнама немесе Сан мен Сапа. - Алматы: «Жазушы», 1992. – б. 119-127
11. Абсаттар қажы Дербісәлі Әз пайғамбар хазіреті Мұхаммед саллаллаhу алейhи уәсәлләм. - Алматы, 20087 – б. 26
12. Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық. - //Егемен Қазақстан, 31 мамыр, 2008 жыл
13. Сөз атасы: Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер. – Аматы: Жазушы, 1987. – б.128