Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарына қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 04.08.2022, 10:00
- 05.08.2022, 17:00
Арзыкулов Дидар 04.08.2022, 16:04, Сұрақ нөмірі: 11222
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке кіру үшін ЖОО-ның білімі болған маңызды ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.August.2022, 16:40
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Ережеге сәйкес, әр бір әкімшілік мемлекеттік лауазымға білімі, нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттері және жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылады. Әр бір санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға әр түрлі талаптар бекітілетінін ескере отыра, басшылық құрам мен орта санаттағы лауазымдарға жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім талап етілсе, сондай-ақ, облыстық деңгейдегі жетекші маман, аудандық және ауылдық деңгейдегі бас және жетекші маман лауазымдарына жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім қажет етіледі. Бұл ретте, аудандық және ауылдық деңгейдегі бас маман лауазымдарына орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтарға еңбек өтілі міндетті түрде талап етіледі. Сондай-ақ, қосымша сұрақтарыңыз болса, 43-88-26 нөмірі арқылы ала аласыз.