«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 05.08.2022, 15:00
- 05.08.2022, 18:00
Қазбек Айгүл 05.08.2022, 15:27, Сұрақ нөмірі: 11223
Сәлеметсізбе. Мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығып кетіп, 1 ай ішінде мемлекеттік қызметке конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік тесттен қайтадан өту қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.August.2022, 15:31
Сәлеметсізбе Айгүл Қазбек! Сауалыңызға рахмет. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес, теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы. Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды. Бұл ретте мемлекттік органның ішкі конкурсына осы мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы. Бұдан бөлек аталған Заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.