«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 05.08.2022, 15:00
- 05.08.2022, 18:00
Абсенов Руфат 05.08.2022, 15:50, Сұрақ нөмірі: 11224
Қайырлы күн! Қазіргі таңда аудан аралық жол қатынастары жақсарып келеді. Алайда, жолаушылар тасымалымен заңсыз таксилер айналысуда. Такси жүргізушілері өздері қалаған уақытта беймезгіл мерзімде жүріп түрлі жол апаттары орын алуда. Аудан мен қаланың арасына тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін рұқсатты қалай аламын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.August.2022, 15:53
Сәлеметсізбе Абсенов Руфат! Сауалыңызға рахмет. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 145-тармағына сәйкес, жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау, халықаралықты қоспағанда жолаушылар мен багажды көрсетілген маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурста жеңген және тасымалдаушылар мен жергiлiктi атқарушы органдардың арасында жасалған шарттың негізінде оларға қызмет көрсетуге құқығы бар куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады. Қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда жарияланған конкурсқа қатысуға құқығыңыз бар.