«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 05.08.2022, 15:00
- 05.08.2022, 18:00
Жаулин Галымбек 05.08.2022, 16:15, Сұрақ нөмірі: 11226
Саламатсыз ба?! Мемлекеттік органда қайта ұйымдастырылу жоспарлануда. Менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім 4 жыл 8 ай, ал осы органдағы стажым 2 жыл 3 ай болып тұр. Ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда маған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленеді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.August.2022, 16:21
Сәлеметсізбе Жаулин Галымбек! Сауалыңызға рахмет. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабы 7-тармағына сәйкес, Мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші бұрын атқарған лауазымымен мәні бірдей, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға тағайындалады. Мәні бірдей лауазым болмаған кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге лауазым ұсынылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда ол қызметтен шығарылуға жатады. Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді. Яғни, мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтіліңіз кемінде үш жыл болған жағдайда төленуге жатады.