«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 05.08.2022, 15:00
- 05.08.2022, 18:00
Қазихан Әйгерім 05.08.2022, 16:40, Сұрақ нөмірі: 11227
Сәлеметсізбе. Ресей мемлекетінен шағын көлемді кеме сатып алып едім, Атырау қаласына қалай есепке қоюға болады екен, қажет құжаттарын айтсаңыз?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.August.2022, 16:43
Сәлеметсізбе Қазихан Әйгерім! Сауалыңызға рахмет. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу» қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне: 1. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі яғни (сатып алғандығы жөнінде келісім шарт; 2. Шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығару туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі, және алғашқы тіркеу кезінде жергілікті бюджетке төленетін алым, егер шағын көлемді кеменің қуаты 50 ат күшіне дейін болса 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал қуаты 50 ат күшінен жоғары болса 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алым соммасын төлейді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.