«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»

«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 05.08.2022, 15:00
  • 05.08.2022, 18:00

Қазихан Әйгерім 05.08.2022, 16:45, Сұрақ нөмірі: 11228

  • 0

Мен әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу бойынша жалпы конкурсқа қатысып, оң нәтиже алдым. Қазіргі таңда, жеке компанияда қызмет атқарамын. Осы мәселеге қатысты басшыма айтқан кезде, мекеме басшысы маған отработка туралы ескертті. Бұл жағдайда қалай болады? Мен өтіп тұрған мемлекеттік орган мені күтеді ме немесе конкурс нәтижесі жойылады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.August.2022, 16:56

Сәлеметсізбе Қазихан Әйгерім! Сауалыңызға рахмет. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 101-тармағында «осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен лауазымға орналасу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілесе немесе тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленсе, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, оң қорытынды алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды», - деп көрсетілен. Бұл ретте, Сізге еңбек заңнамасына сәйкес бір ай мерзімге жұмыспен өтеу қойылған жағдайда конкурс нәтижесі бойынша оң қорытынды қабылданған шешім нәтижесі жойылмайды. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыспен өтеу аяқталғаннан кейін Сіз қабылдануға жатасыз.