«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 08.08.2022, 14:00
- 08.08.2022, 16:00
Тегісбай Ғалия 08.08.2022, 15:37, Сұрақ нөмірі: 11230
Мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі қанша уақытты құрайды және оның мерзімін ұзарту мүмкін бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.August.2022, 15:43
Қайырлы күн, Тегісбай Ғалия! Сұрағыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 20-бабының 1 және 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды. Ал сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.