«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 11.08.2022, 15:00
  • 11.08.2022, 17:00

Әмірбек Бақдәулет 11.08.2022, 15:12, Сұрақ нөмірі: 11237

  • 0

Мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі қанша уақытты құрайды және оның мерзімін ұзарту мүмкін бе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.August.2022, 15:32

Құрметті Әмірбек Бақдәулет, сұрағыңызға рақмет. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 20-бабының 1 және 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды. Ал сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.