«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 11.08.2022, 15:00
- 11.08.2022, 17:00
Кенжетайұлы Самат 11.08.2022, 16:50, Сұрақ нөмірі: 11242
Менің қоятын сұрағым мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаған жағдайда Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес қандай шектеулер қойылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.August.2022, 16:56
Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк қызметке мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді. Сонымен қатар, Заңның 37-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.