«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 11.08.2022, 15:00
- 11.08.2022, 17:00
Дәрібаева Айдана 11.08.2022, 16:52, Сұрақ нөмірі: 11243
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бойынша Сіздің мемлекеттік органыңыздың рөлі қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.August.2022, 16:54
Қайырлы күн, Сіздің сауалыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. Жаңа Кодексте Агенттік пен оның аумақтық департаменттері, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалып отыр. Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, Комиссиялар мен кеңестердің әдеп бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша жұмыстары жандандырылуда. Әдеп жөніндегі Кеңестің отырыстарында бұзушылықтардың алдын алуға және ескертуге бағытталған мәселелер қарастырылады. Департамент Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірлесіп, бірінші кезекте бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылсаласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, іс-шаралар белсенді түрде өткізіледі. Сонымен қатар, бұзушылықтардын орын алу себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында талдау жүргізіледі және болашақта ұқсас бұзушылықтарды болдырмау үшін егжей-тегжейлі ұсыныстар әзірленеді.