Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы. Техникалық регламенттерді бұзудың ең көп таралған жағдайлары.

2022 жылдың 7 айында өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде азық-түлік өнімдерінің 20094 үлгісі сатып алынды, оның ішінде 2655 өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді (13,2%). Оның ішінде, отандық өнімі – 704 (26,6%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнімі – 1308 (49,2%) және басқа елдер өнімі – 643 (24,2%). Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 11%, физика – химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік – 6%, сондай-ақ таңбалау қағидаларына сәйкессіздік - 80% және қауіпсіздік көрсеткіші бойынша - 5% құрады. Сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 13,9%, құс етінде – 12,2%, сүт өнімдерінде – 11,4%, балық және балық өнімдерінде - 11%, кондитерлік өнімдерде – 10,5%, өзге де тамақ өнімдерінде – 9,6%, жеміс – көкөніс өнімдерінде-7,2%, ұн және жарма өнімдерінде - 6,7%, алкогольсіз сусындар – 4%, май өнімдері-3,9%, аспаздық өнімдер – 3,7%, нан және нан – тоқаш өнімдері-1,3%, шырын өнімдері – 1,3%, алкоголь өнімдері-0,8%, минералды су-0,5%, қапталған ауыз су-0,4%, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – 0,4% және арнайы тағам өнімдері(балалар,профилактикалық, спортшылар, жүктілерге арналған т.б.) -0,3% құрады. Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 1274 нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша 50 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 9 050 715 теңге сомасына айыппұл салынды. Сатудан 4 916 997 теңге сомасына 7 тоннадан астам қауіпті өнім саттықтан алынды.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 16.08.2022, 10:00
  • 16.08.2022, 17:00

Хаирлиев Кенжебек 16.08.2022, 16:45, Сұрақ нөмірі: 11246

  • 0

Дүкен сөрелеріндегі тағам қауіпсіздігі қалай тексеріледі?

ҚР Денсаулық сақтау министрілігі 16.August.2022, 16:51

Сәлеметсіз бе, Кенжебек! Дүкен сөрелеріндегі тағамдар қауіпсіздігі Санитариялық және эпидемологиялық бақылау комитеті тарапынан жүргізілетін қауіпсіздік мониторингі шеңберінде бақыланады. Ол үшін тағамдардың үлгілері сатып алынып, сараптамаға жіберіледі. Егер сараптама барысында сәйкессіздіктер анықталса, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.