«Жол-көлік инрақұрылымын дамыту туралы»

«Жол-көлік инрақұрылымын дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 25.08.2022, 10:00
  • 25.08.2022, 17:00

Алтынбек Руслан 25.08.2022, 11:34, Сұрақ нөмірі: 11250

  • 0

Қазалы ауданындағы Қожабақы, Бозкөл, Кәукей ауылдарына баратын автомобиль жолының Қарлан учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы қашан аяқталып, пайдалануға беріледі?

Қызылорда облысы 25.August.2022, 11:39

Ағымдағы жылы Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 км-гі Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы көпірінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (2022 жылы барлығы 1 млрд. теңге қаржы бөлінді РБ-500 млн. теңге, ОБ-500 млн. теңге). Аталған жобаны 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.