«Жол-көлік инрақұрылымын дамыту туралы»
«Жол-көлік инрақұрылымын дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 25.08.2022, 10:00
- 25.08.2022, 17:00
Накипов Кайрат 25.08.2022, Сұрақ нөмірі: 11252
Бірнеше жылдан бері Қызылорда қаласының жаңа әуежайының
құрылысы туралы айтылып келеді. Бүгінгі күні қандай жұмыстар атқарылуда?
Қызылорда облысы 25.August.2022, 13:01
Әуе көлігі кешенін дамыту әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының басымды міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, өңірге ұшып келген қонақтар бірінші әуежайды көріп, өз пікірін қалыптастырады. Ал біздің әуежайымыз «халықаралық» мәртебеге ие болғандықтан әрбір жолаушыға қызмет көрсету сапасының жоғары болғаны біз үшін өте маңызды. Бастапқыда бұл жобаны инвесторлар есебінен іске асыру жоспарланған болатын, одан әрі оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмі тәсілімен жылжыту туралы шешім қабылданды. Алайда, мәселе өз шешімін таппады. Жаңа жолаушылар терминалының құрылысын Болат Өтемұратов жеке қорымен бірлесіп іске асыруды шештік. Жобаны қаржыландыру Қордың есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта шетелдік ірі компаниялардың қатысуымен барлық талаптарға сай жаңа замануи жолаушылар терминалының жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың ақпанында басталып, аяқталу мерзімі 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.