«Жол-көлік инрақұрылымын дамыту туралы»
«Жол-көлік инрақұрылымын дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 25.08.2022, 10:00
- 25.08.2022, 17:00
Кеңесов Нұрлыбек 25.08.2022, 13:49, Сұрақ нөмірі: 11253
Бүгінгі Қызылорда қаласының жолаушылар тасымалы тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандырмай келеді.Маршруттарда автобус саны аз. Ара қашықтықтары (инервал) ұзақ және автобустар ескірген.
Қызылорда облысы 25.August.2022, 16:04
Қазіргі таңда автобус паркін жаңарту мақсатында лизинг арқылы үлкен сыйымдылықты 150 жаңа YutongZK6852 HG маркалы автобус алу жоспарлануда. Бұл бағытта Қызылорда қаласының әкімдігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жаңа автобустар - заманауи талаптарға сай, газ отынымен қозғалатын болғандықтан, қоршаған ортаға әсері төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз кіріп-шығуға арналған құрылғылармен жабдықталған. Бұл автобустар а.ж. қыркүйек айында келеді деп жоспарлануда.