«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, бюрократияның алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және бюрократияның алдын алу, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Раева жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 05.09.2022, 09:00
  • 05.09.2022, 18:30

Байдеуова Жадыра 05.09.2022, 16:40, Сұрақ нөмірі: 11264

  • 0

Бір мемлекеттік органның ішінде конкурссыз, ауысу тәртібімен тағайындалуыма боладыма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.September.2022, 17:32

Құрметті Байдеуова Жадыра, мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, конкурссыз негізде ауысу тәрбімен мемлекеттік органның ішінде тең дәрежелі бір санаттағы лауазымға ауысу тәрбімен тағайындалады. Мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осы ретте, мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.